"Батыс" өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелері жаттығу өткізді

1332

Барлаушылар Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы 4 полигондарында  жауынгерлік даярлығын арттыруда.  

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелері жаттығу өткізді

Далалық шығу тұрақты орыннан жорыққа шығудан басталды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қзыметі.

Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерін орындауға "Қарабатан", "Бекет Ата", "Оймаша" және "Есет батыр" полигондарына шықты. Қашықтықтың жартысын техникамен өтсе, қалғанын – толық жабдық пен киім-кешекте жүріп өтті.

Командирлер бәрін ойластырған. Марш кезінде барлаушыларды құрылған тосқауыл мен зақымдалған аймақ секілді сынақтар күтіп тұрды. Басты мақсат – әскери барлаушыларға босаңсытпау, шыдамдылық мен батылдықтарын тексеру.

"Далалық шығу – бұл жас әскерилерге сұрапыл полигондық жағдай мен  алғашқы тәжірибелік оқулар болып табылатын жоспарлы іс-шара. Үйреніп қалған әскерилерге жиын өздерінің жауынгерлік және дене дайындықтарының деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі. Ал офицерлер болса шешім қабылдау, мақсатты айқындау және олардың орындалуын талап ету секілді командалық дағдыларды жетілдіреді", – деді әскери бөлім командирі подполковник Есболат Нүрекешев.

Тәжірибе барысында қойылған міндеттерді толыққанды орындау үшін алдын ала құрылған шатырлы лагерь, шаруашылық жабдықталым пункты, далалық асхана жұмыс жасайды, ал барлаушылар жорық жағдайда өмір сүріп және міндеттерімен айналысады.

Үш апта кезінде тәжірибелі офицер-нұсқаушылар мыңдаған әскери барлаушылармен түрлі тәулік уақытында қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы 100 бірлігін падалана отырып, 100 - ден астам сағат тәжірибелік және теориялық сабақтарын өткізеді.

Жиын барысында әскери қызметшілер барлау шолғындардың құрамында шартты қарсыластың байланысын істен шығару, торуылдау мен шабуыл жасау тактикасы, барлау-іздеу жұмыстары мен барлау, навигация, байланыс пен бақылау жабдықтарының қазіргі заманғы түрлерімен таныстырылады. Сабақтар барысында оқ ату даярлығының жаңа жаттығуларға басты назар аударылады.

"Далалық шығу жағдайында материал жылдам әрі жақсы ұғынуға болады. Сонымен бірге, бірге қызмет атқарған кезде біз бір-бірімізді жақсы таный аламыз, бауыластығымыз артып, кіммен барлауға шығатынымызды білеміз", – деп барлау ротасының командирі капитан Қуаныш Айтқалиев атап өтті.

Барлаушылардың далалық жиыны барлау бөлімшелерімен бақылау сабақтары мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізумен аяқталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу