KASE Украина халықаралық облигацияларының үш шығарылымы бойынша сауданы тоқтатты

965

25 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Украина Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымы бойынша сауда-саттықтар уақытша тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

KASE Украина халықаралық облигацияларының үш шығарылымы бойынша сауданы тоқтатты

2022 жылдың 25 қарашасынан бастап KASE-де Украина Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларының сауда-саттығы уақытша тоқтатылды:
- XS1902171757 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UA_01_2811);
- XS1303921214 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UA_03_2209);
- XS1303921487 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UA_04_2309).

"Бұл облигациялар бойынша сауда-саттық Украинаның бағалы қағаздар және қор нарығы ұлттық комиссиясының сайтында жарияланған ақпарат негізінде тоқтатылды. Оған сәйкес барлық бағалы қағаздарды орналастыруды, айналымын және өтеуді, сондай-ақ депозитарийдегі операцияларды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды", – деп жазылған қор биржасы таратқан хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу