banner

ҚТЖ: 60 мыңнан астам теміржолшы жаңа жүйе бойынша жалақы алатын болады

638

Бір өңірде қатар орналасқан кәсіпорындар мөлшері бойынша әр түрлі жалақы алып келген.

ҚТЖ: 60 мыңнан астам теміржолшы жаңа жүйе бойынша жалақы алатын болады

Компанияның қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесі бұрыннан қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделген.

Олар тіпті бір облыс шегінде де әр түрлі болады (бір облыста 4 коэффициентке дейін).

"ҚТЖ" баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір өңірде қатар орналасқан кәсіпорындар мөлшері бойынша әр түрлі жалақы алып келуінің "сыры" осында. Бұл коэффициенті анағұрлым төмен еңбек ұжымдары тарапынан наразылық тудырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылы ҚТЖ коэффициенттерді теңестіру бойынша жұмыстарға кірісті және де осы жылдың 30 маусымында компания басқармасымен коэффициенттің учаскелік түрінен облыстық түріне көшу туралы шешім қабылданды. ҚТЖ жалақы төлеудің жаңа жүйесін 2022 жылғы 15 қазанда енгізеді. Бұл өзгеріс бір облыс аумағындағы төмен коэффициент бойынша жалақы алатын 68 мыңға жуық жұмысшыға қатысты болмақ", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу