Маңғыстауда энергия жеткізуші ұйымға айыппұл салынды

1008

Айыппұл көлемі 63 125 теңге.    

Маңғыстауда энергия жеткізуші ұйымға айыппұл салынды

Маңғыстау облысы бойынша Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері "Бейнеуэнергосервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді. 

Тексеру жүргізуге Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының шағымы негізі болған, деп хабарлайды Лада кз.

Жоспардан тыс тексеру 20 қараша күні болған.

Департаментің жоспардан тыс тексеру барысында энегрия жеткізуші, энергия өндіруші ұйымның күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы паспортын алу ережесін бұзғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 301-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды.

Айыппұл көлемі 63 125 теңге болды.

Департамент осындай құқықбұзушылықтың алдын алу үшін "Бейнеуэнергосервис" МКК-ке нұсқама берді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу