Маңғыстауда төрт қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

903

Облыстың криминогендік ахуалына елеулі әсері бар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты жедел тексеру іс-шаралары жүзеге асырылды.

Маңғыстауда төрт қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

29 шілдеде Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында бір мезгілде төрт қылмыстық топтың 17 адамы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында 3 дана тапанша мен 1 дана дыбыссөндіргіш, 8 дана кесілген аңшы қарауы, 1 дана "Сайга" карабині, 1 дана ұсақ калибрлі винтовка, 5 дана травматикалық тапанша, 218 дана оқ-дәрі, түрлі суық қарулар (пышақтар, кастеттер және т.б.) табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу