Мереке қарсаңында көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі

650

Шымкентте көпбалалы аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мереке қарсаңында көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі Фото: inbusiness.kz

8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлеріне 18 460 теңгеден төленеді.

"2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді" - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Қазір таңда Шымкентте 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері.

Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу