Шетелден 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелдік

1116

Қазақстанда фармацевтикалық препараттар бір жылда 3%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелден 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелдік

2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттардың бағасы бір айда 0,3%-ға, ал бір жылда 3,3%-ға көтерілген.

Жылдық динамикада дәрі-дәрмектер бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай өскен – 14,1%. Сондай-ақ препараттар Нұр-Сұлтан (10,9%) және Ақмола облысында (9,1%-ға) қымбаттаған.

Қостанай, Павлодар (әр өңірде 0,1%) және Жамбыл (2,9%) облыстарында дәрі-дәрмектер мен өзге де фармацевтикалық препараттар арзандады.

Фармацевтикалық препараттар бір жылда "Хилак форте" (30 мл) 17,9% немесе 1,6 мың теңге, "Эссенциале форте Н" (30 капсула) – 10,3% немесе 2,9 мың теңге, "Но-шпа" (40 мг, 100 таблеток) – 10,2% немесе 2,7 мың теңге, "Корвалол" (25 мл) – 9% немесе 180 теңге, "Аквалор" (125 мл) – 8,4% немесе 2 мың теңгеге қымбаттаған. 

Сондай-ақ "Ренни", "Омез", "Ксимелин", "Ингавирин", амброксол және басқа да препарат бағасы айтарлықтай өскен.

"Верошпирон" (100 мг, 30 капсула) бағасы өзгеріссіз қалды – 2,2 мың теңге.

Жылдық динамикада "Фенистил Нью" (20 мл) – 0,1% немесе 2 мың теңге, "Гипотиазид" (25 мг, 20 таблеток) – 1,8% немесе 1,1 мың теңге, 

"Азитромицин" (500 мг, 3 таблетки) – 3,4% немесе 949 теңге, парацетамол (10 таблеток) – 5% немесе 81 теңге, ацетилсалицил қышқылы (10 таблетка) – 10,4% немесе 51 теңгеге арзандаған.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанға 615,8 млн доллар болатын 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілген. Өсім заттай көріністе – 70,7%, ақшалай көріністе – 92,4%.

ТМД елдерінің үлесінде – дәрі-дәрмек импортының 42,9% немесе 5,3 мың тонна препарат. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 59,9%-ға артық. Жыл басынан бері Ресейден 38,4 млн доллардың 4,1 мың тонна дәрі-дәрмегі жеткізілді. Одан кейін тізімде Беларусь (454,5 тонна) және Украина (449,6 тонна) тұр.

ТМД-ға кірмейтін мемлекеттерден 7,1 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,8%-ға артық. Мұнда ең көп көлем Қытай (5,4 млн доллар болатын 1,3 млн тонна дәрі-дәрмек), Үндістан (44,8 млн доллар болатын 1 млн тонна дәрі-дәрмек) және Германияға (107,8 млн доллар болатын 947 тонна дәрі-дәрмек) тиесілі.

Айта кетейік, 2021 жылғы 27 тамыздағы Денсаулық сақтау министрі дәрілік заттың саудалық атауына арналған өндірушінің шекті бағасын, сондай-ақ бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаны бекітті.

Тізімде барлығы 7023 препарат бар. Бұйрық 2021 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу