banner

"Богатырь" байытады

3794

Көмір тиеу жұмысы Ресейге қарағанда Қазақстанда қарқынды жүріп жатыр. 

"Богатырь" байытады

"Богатырь Көмір" ЖШС  техникалық директорының орынбасары  Ғалымбек Іргебаев abctv.kz-ке темір жолдың проблемалары мен көмір бизнесінің келешегі туралы айтып берді.

– Ғалымбек Елубайұлы, "Богатырь" разрезіне циклді-толассыз технология (ЦТТ үздіксіз өндіруді қаматамасыз етеді – автор еск.) 2006 жылы енгізіледі деп жоспарланған болатын. Бірақ әлі күнге дейін жоба іске асқан жоқ, неге?

– Аталмыш жобаға үлкен тәуекел мен қомақты қаражат қажет. Бұл жұрт ойлағандай оңай шаруа емес.

Сонда қанша қаржы кетеді?

– Бес жылға 196 млн еуро. Қазір ЕҚДБ-мен кредиттік келісім жасау мәселесі аяқталуға жақын. Бас мердігер ретінде Thyssen Krupp компаниясы бекітілді. Компания жобалық құжаттаманы ұсынады, оның бірінші бөлігіне ақша төлеп қойғанбыз. Жоба бар. Содан кейін компания дайындауға арналған тапсырысты өзінің қосалқы мердігерлеріне бере бастайды. Бірақ біз де қарап отырған жоқпыз, былтырдан бері жобаны іске асыру үшін тау-кен жұмысымен айналысып жатырмыз.   

Нақты не жасадыңыздар?  

– Ұсақтау-қайта тиеу пунктеріне, көмір қоймаларына арналған орындарды дайындадық.  

– Бұл жоба разрезге не береді?

– Біріншіден, бұл "Богатырь" разрезінің қуатын арттырады. Қазір бұл жерде 32 млн тоннаға дейін (жылына– автор еск.) көмір өндіре аламыз, ал екі желісі бар ЦТТ өнімділікті 40 млн тоннаға дейін арттыруы мүмкін. Екінші кезең – бұл көмірді орташаландыру операциясы, яғни бұл тұтынушыға қажет. Үшінші, бұл роторлық-темір жол технологиясынан шығу. Бір технологиядан екінші технологияға көшу кезінде өзіміздің жабдығымызға деген сенімділік болу үшін бес роторлық экскаваторды жаңғыртудан өткіздік. Бұл – өте күрделі жұмыс, бұған шамамен тоғыз миллиард теңге ақша кетті.

– Жобаны іске қосу үшін қанша уақыт керек?

– "Богатырь" разрезін іске қосу үшін бес жыл керек. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін ғана  "Северный" қолға алынады. Бірақ та оған әлі инжиниринг жасалған жоқ.

– Кезінде  "Северный" -ды тоқтата тұру туралы сөз болып еді ғой...

–  Иә, бұл шамамен 2006-2008 жылдары болған әңгіме. Қазір "Северный" разрезі жұмыс істеп тұр. Бұл жерде жылына 10 млн тонна көмір өндіріледі.

– Сол кезде бұл мәселе немен байланысты болды?

– Мәселе өнімнің өтімділігі болмауынан туындады. "Богатырь" разрезі жеткізу көлемін толығымен іске асырып отырды. Қазір сұраныс артты. Ал "Богатырь" бір өзі 32 млн тонна бере алмайды. Қазір "Северный" разрезі міндетін мінсіз атқарып тұр.  Әрине біздің өнімге деген сұраныс маусымдық сипатқа ие екенін де естен шығармаған жөн. Жүктеме кезеңі – күз-қыс уақыты, бұл кезде тәулігіне 140 мың тоннаға дейін көмір тиеледі. Бұл 33-34 бағдар деген сөз.

– Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздер жазда өнім өткізетін орын болмағандықтан, жұмысты тоқтатып қоятынсыздар, осы тәжірибе қазір де қолданыла ма?  

– Бұл кезең артта қалды. Кен орнының ерекшелігі – біздің көмірдің энергетикалық болуында болып отыр. Энергетика жыл бойына жұмыс істейді және соңғы кезде өндіру көлемін арттырып келеді. Бізде "Северный" разрезінің қуатын  жылына 10 млн-нан 18 млн-ға дейін ұлғайту жобасы бар. Жалпы жинақтап айтатын болсақ, 50 млн тоннаға дейін өндіре аламыз. Бірақ әзірге мұндай қажеттілік жоқ.

–  Жалпы сұраныс артты деуге бола ма?

– Өзіңіз ойлап көріңіз, жылдың басында біз 33,9 млн тонна көмір өндіреміз деп жоспарлағанбыз, қазір 40,5 млн тоннаны болжап отырмыз.

– Ресейдің өндіру көлемін түсіретін ойы жоқ па?

– Әзірге жоқ. Ресейдің екібастұздық көмірді Кузбасс көміріне алмастыру бағдарламасы бар. Бұл Төлеуовтың (Аман Төлеуов – Кемерово облысының губернаторы) бағдарламасы. Біреулер газға көшіп жатыр. Бірақ та осыған қарамастан, Қазақстан бойынша көмір өндіру көлемі артып келеді. Жыл басынан бастап 24,5 млн тонна көмір тиелген, яғни көрсеткіш 23%-ға өскен. Ресейге келетін болсақ, осы жылдың 10 айында олар 8,2 млн тонна көмір тиеген. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 12%-ға жоғары.

– Ресейлік сұранысқа кәсіпорындардың 50%-ы "РУСАЛ" компаниясына тиесілі болғаны әсер ете ме?

– Жоқ, олай деп ойламаймын, өйткені "Самұрық-Энерго" мен "РУСАЛ" үшін біз салалық емес кәсіпорынбыз. Бірақ біздегі кәсіпорындардың  тиімділігі жоғары. Ең бастысы, өндіру ашық түрде жүреді, сондықтан көмірдің өзіндік құны төмен.  

Украинамен жұмыс не болды?

– Ол жердегі әңгіме "Майкөбе" разрезіндегі қоңыр көмір жайында болған сияқты.

– Көмірді байытуға қатысты не айтасыз, қазір сіздердің көршілеріңіз "Восточный" кәсіпорыны осыны қолға алып жатыр ғой...

– Бізде "Северный" резервінде жобалық жұмысты бастап жатырмыз, ол жерде көмірді жылына екі млн тоннаға дейін құрғақ байытуға арналған модульдық жабдықтар кешенін орнату жоспарлануда.

– Толық түсіндірсеңіз..

– Бізде №3 көмір қабаты бар, ондағы күл қалдығы шамамен 47%.  Аталған жабдықты орнату арқылы оны 43%-ға дейін жеткіземіз. Келесі жылға шамамен 1,7 млрд теңгені жабдыққа салып отырмыз. 2019 жылы іске қосамыз деген ой бар.  

– Темір жол вагондарына қатысты жағдай не болып жатыр?

– Темір жолда  үнемі вагон жетпей жатады. Салдарынан үлкен мәселе туады. Тәулігіне бес-алты состав жетпей қалатын кездер болады. Мысалы, кешкі сағат тоғыздан бастап, сағат сайын бір состав керек, бірақ осы кесте үнемі сақтала бермейді. Алғашқы уақытта екі состав береді, содан кейін үш сағат үзіліс, бесінші сағатқа тағы екі состав, ал таңғы жетіде тоғыз состав жіберуі мүмкін. Мәселенің барлығы осыдан туындап отыр. Осындай қарбалас кезде біз экстремалды жағдайда жұмыс істейміз.

– Неше жылдан бері "ҚТЖ" бұл жүйені реттей алмай отыр ма?

– Барлық жүйені енгізіп жатыр, бірақ  бұл вагондардың жетіспеушілігі мәселесін шешіп отырған жоқ. Менің жеке ойым, темір жолдағы вагондардың жартысы жекеменшікке берілді. Оларға Қазақстанның ішінде ақша тапқаннан гөрі, вагондарды Ресейге беріп, ақша тапқан тиімді сияқты. Сонымен қатар вагондар қайтарылмайды. Өйткені көршілерімізде де вагондар жетіспейді. Олар бұрнағы жылы шамамен 10 мың вагонды есептен шығарған болатын. Осының салдарынан оларда шығын пайда болды, оның орнын толтыру керек. Сондықтан ресейліктер тарифті арттырды, біздің жеке компанияларға сол жақта жұмыс істеген тиімді. Тағы қайталап айтамын, бұл менің құзырымдағы шаруа емес, бұл тек жеке пікірім.

Гүлназ Ермағанбетова, Марина Попова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу